jasqazaq.kz

«Қалаулым» Замира: Сіз сияқты жігіт келсе, алды-артыма қарамай тиетін едім

12 наурыз 2018, 16:04

«Қалаулым» бағдарламасының атышулы қатысушысы Замира тұрмысқа шығудан бас тартты. Ол бағдарламаға келген жігітті бұрын ұнатқанын, алайда қазір оған сезімі жоқ екенін жеткізді.
Nur.kz. хабарлағандай, бағдарламаға келген қонаққа сөз бермеген Замира ойындағы сөздерін, өткен шақтағы сезімін жасырмай жайып салды.
«Алдында сіз келіп кеттіңіз ғой. Мен сізді қатты ұнатып қалған едім. Үйге барсам, мамам «Мынадай жігіт сені алатын болса, тегін беретін едім» деп айтты. Мен де сіз сияқты жігіт келсе, алды-артыма қарамай тиетін едім. Бірақ, мен сізге тие алмаймын. Алайда, сіз менің екі баламмен қарамайсыз да ғой. Маған көңіл бөлетін азамат керек. Ал сіз үш жерде жұмыс жасайды екенсіз. Маған уақыт бөле алатын адам керек. Бастапқыда қатты ұнатқаным рас», — деді атышулы келіншек.
Ал оқырмандар Замираның ісін тағы да қатаң сынға алды. «Құдай сақтасын, мынадан», «Қалаулымның жарқыраған жұлдызы ғой», «Басының жеткен жері осы ғой», «Осындай адамды ел алдына алып шығып» деп жазған оқырмандар өз наразылықтарын білдірді.

https://www.facebook.com/groups/atambasai/permalink/787246728139232/

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр