jasqazaq.kz

«Қалаулым» қазақ қызын орыс жігітіне қосып берді

02 ақпан 2018, 17:37

Көпшіліктің қызу талқысына түсетін «Қалаулым» бағдарламасында ерекше жұп пайда болды. Орыс жігіті Алексей мен Динара есімді қазақ қызы шаңырақ көтеруге бел байлап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші телеарнасында шығатын «Қалаулым» бағдарламасының кезекті шағарылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Динара бағдарламаға қатысушы ретінде, ал Алексей үміткер ретінде осы жылдың басында көңіл жарастырды.

Алексейдің екі жарым жасар ұлы бар, ажырасқан. Дегенмен, екеуі бір-бірін бес жылға жуық таниды, бірге жұмыс істейді, осы уақыт аралығында жай ғана достар ретінде араласқан. Динара Алексейдің өткен өмірі туралы жақсы білген және оған ешқандай қарсылығы жоқ.

Алексей «Динара маған келісім берсе, қазақ тілін үйренемін», — деп уәде берді.

Алексейдің отбасы қазақ келінге мүлде қарсы емес екен, тіпті анасы Динарамен танысуға өзі ниет білдірді. Ал Динараның анасының келісімін Алексей тікелей эфир барысында алған болатын.

«Ана ретінде қарсы емеспін, бәлкім бұл қызымның бақыты шығар, мен оған қарсы бола алмаймын», — деді эфирге тікелей хабарласқан анасы.

Жұп болып жүре бастаған кезде Динара Алексейге жасының келіп қалғанын, бала тууға асығатынын, сонымен қатар үйленуді тездету туралы да айтып өткен.

Алексей «әзірге көреміз», — деп жауап бергенімен, үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, тойға дайындық жүргізіп жатқан көрінеді.

Жұпқа қатысты бағдарламаға қонаққа келген «Жігіттер» тобының әншісі Ердос «Мұсылман қызды өзге дін өкіліне тұрмысқа беруге болмайды. Ол шариғатта тыйым салынған», — деп пікір білдірген болатын.

Динараның ойынша, адамды дінге, ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Олардың өзара келісімдері бойынша некені екі діннің де салты бойынша емес, заңды түрде ғана қияды.

Кайырлы кеш!

Публикация от Динар Хайруллина (@dinar_kariagdi)

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды