jasqazaq.kz

«Қаламқастағы» апаттан кейін 14 адам жұмыстан шығарылды

04 мамыр 2019, 11:56

Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнындағы апаттың себебі анықтала сала қытайлық «Си Бу» компаниясында 14 адам жұмыстан босатылып, 4 қызметкерге сөгіс жарияланды. Осылайша бұрғылау кезінде кеткен олқылықтың орнын толтырамыз деген компания өкілдері қауіпсіздікті күшейткендерін айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алайда, алапат өртке кінәлі қызметкерлерді жазалау шарасы «Си Бу» компаниясының қателігін түгел жуып-шаймайтыны ақиқат. Сондықтан серіктестік тарапы мемлекеттік лицензияның күшін тоқтата тұру туралы әкімшілік іске қарсы шағым түсіріп жатқан көрінеді. Тіпті, бұрғылауға тапсырыс беруші «Маңғыстаумұнайгаздың» айтуынша, «Си Бу» лицензиясынан айырылса, өндірістік жоспарды орындау кестесі бұзылып, өңір экономикасына кері әсерін тигізбек. Айта кетейік, кеше арнайы комиссия «Қаламқас» кен орнындағы алапат өрттің неден шыққанын түсіндіріп, оған қытайлық компания кінәлі екенін айтқан. Яғни, наурыз айында № 82-37 мұнай ұңғымасының түбін цементпен бекіткен кезде оны талапқа сай құрғатпаған. Соның кесірен сыртқа газ кетіп өрт 4 күнде әрең сөнген болатын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық