jasqazaq.kz

«Қаламқас» кен орнындағы апаттың себебі анықталды

02 мамыр 2019, 12:17

«Қаламқас» кен орнындағы апатты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 13 наурыздағы Маңғыстау облысы «Қаламқас» кен орнындағы №8237 ұңғымасында орын алған аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады. Ұсынылған материалдарды қарастырып, «Си Бу» Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС ұңғыманы бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғандығы, бұл өз кезегінде газ және судың шығуына алып келгенін комиссия анықтады», — деді комитет өкілі.

Белгілі болғандай, мердігер ұйым «Си Бу» Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС-нің ұңғыманы салуға арналған техникалық жобаны, мұнай және газ ұңғымаларын бекіту жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын бұза отырып, цементтің қатаюын күтудің белгіленген уақытын есептемеген, ұңғыманың сағасы уақытынан бұрын герметизацияланған. Бұған қоса, атқыламаға қарсы жабдықтың (АҚЖ) пайдалануға қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативті-құқықтық акт талаптарын сақтамаған.

«Си Бу» Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» тарапынан осы ұңғыманың құрылысын қауіпсіз жүргізуге қажет болған өндірістік бақылауды қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ компания қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білім дәрежесі сәйкес келмейді», — деп нақтылады Н. Мақажанов.

Осы орайда ол Комиссиямен апатты тергеп-тексеру шешімі бойынша «Си Бу» Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС айыбының анықталғандығын атап өтті. Апаттың себептері мен мән-жайлары көрсетілген акт жасалып және осындай апаттардың алдын алу бойынша шаралар әзірленді. Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде