jasqazaq.kz

Қалалар арасындағы блок-бекеттер алынады

29 мамыр 2020, 15:27

Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті.

«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», — деді Ж. Тайжанов.

Оның сөзіне қарағанда, автобуспен жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын ескере отырып әзірленді.

Осы орайда бағдардың соңғы пунктерінде автобустарды дезинфекциялау, көлік салонына тек медициналық маскада отырғызу, сондай-ақ басқа да қауіпсіздік талаптары ескерілген.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия