jasqazaq.kz

Қалада жүрген марал павлодарлықтарды әбігерге салды (видео)

14 қыркүйек 2018, 12:22

Павлодарда марал жылу өтетін жолдардың құбырында тұрып қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 14 қыркүйекте болған. Куәгерлер жануарды видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялады. Оқиға орнына құтқарушылар мен мал дәрігерлері, сондай-ақ, Павлодар әкімі келген. Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі Әнуар Күмпекеев сол кезде қаланы аралап жүрген. «Қала әкімі жұмыс бабы бойынша қаланы аралап жүрген, Ломов көшесінен өтіп бара жатқан кезде әкім жылу өтетін жолдың маңында арнайы техника мен бір топ адамды көрген. Сондықтан тоқтаған», — деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. Олардың айтуынша, әкім жануарды құтқаруға атсалысқан жоқ. «Бүгін таңертең жылу өтетін жолдағы құбырда марал тұрып қалды. Біздің қызметкерлер мен құтқарушылар оқиға орнына барды. Кейіннен мал дәрігерлері келіп, жануарды қарап көрмекші болды. Бірақ ол құбырдан өз бетінше шығып, өзен жаққа қарай жүгіріп кетті, — деді Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің директоры Дәулет Қонақбаев. Оның айтуынша, марал қалаға Ертіс алқабынан келген.

https://youtu.be/fh68IB-086Y

https://youtu.be/jVIEMj1E7uY

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді