jasqazaq.kz

Қала күніне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды

20 маусым 2022, 11:27

Шымкент қаласында «Қала күні» мерекесін тойлау 14 маусымнан бастау алды. Қала әкімдігінің бетікткен іс-шарасынан бөлек аудандарда да айтулы күн тойланып жатты. Атап айтқанда, Қазығұрт аумағы Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан балалар спорт алаңшасында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бірлесе ұйымдастырумен аумақтағы 6-13 жас балалар арасында спорттық іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау, балаларды спортқа баулу, әр бір ауладан спорт чемпиондарының шығуына үлес қосу. Іс-шарада жүлделі орын алғандарға медальдар, алғыс хаттар және арнайы сый-сыяпаттар табысталды.

Қаратау ауданының ұйымдастыруымен №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудан әкімінің кубогі өткізілді. Алғаш рет өткізіліп отырған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшы қатысты.

Аудан әкімі Р.Мулкеманов қатысушыларды қала күні мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Турнир ережеге сәйкес жекелей және топтық бағытта өткізілді. Нәтижесінде топтық сайыстар бойынша жалпы 11 алтын, 12 күміс медаль иегерлері анықталды. Ал, жекелей сайыста 7 алтын, 7 күміс, 46 қола медаль иегерлері анықталып, аудан әкімінің арнайы Кубогі, дипломы және мерекелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, турнирге қатысушы барлық спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды. Аудан әкімі спорттық сайысты алдағы уақытта дәстүрлі турнирге айналатынын атап өтті.

Қала күніне орай Нұрсәт-2 шағынауданының балалары арасында «Аула чемпиондары» сайысы да ұйымдастырылды. Жарысқа 100-ден астам жасөспірім қатысып, асық, баскетбол, турникке тартылу, пенальти және ләңгі тебу сынды ойын түрлерінен бақ сынады.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қаратау ауданы әкімдігінің бастамасымен өткен жарыс бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Жиынға каратэден Токио олимпиадасының қола медаль иегері Д.Асадилов, Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов, аталмыш басқарма басшысының орынбасары Е.Дәрменов қатысып, кәсіби бапкерлер балалардың сайысына төрелік етті.

Сайыс соңында Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов бүлдіршідерді жеңісімен құттықтап, жеңімпаздарды арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады..

Ал, Әл-Фараби ауданында Әл-Фараби ауданында апта сайын аулаларда спорттық жарыстар ұйымдастырылып келеді. Қала күніне орай балалар арасында кезекті сайыс Әлімбетов №45 үйдің ауласында спорттың 7 түрінен өтті. Асық ату, ләнгі тебу, футбол, турникке тартылу, баскетбол, арқан тартыс, секіру сынды спорт түрлерінен бақ сынаған балалар алғыс хаттар, сыйлықтармен және тәттілермен марапатталды.

Мұндағы ең басты мақсат– жастарды ұялы телефон мен компьютерлік ойындардан арылтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бүлдіршіндердің уақытын тиімді пайдалану.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр