jasqazaq.kz

Қала күні қарсаңында Шымкентке келушілер көбейген

17 маусым 2022, 18:49

Шымкентте қала күні қарсаңында әуе рейстері мен пойыз қатынастарында сатылым билеттерінің саны артқан. Әсіресе, апта соңына қарай, «Шымкент қаласы күнімен» тұспа-тұс келген демалыс күндеріне алдын ала брондау арқылы сатылып жатқан билеттер саны таусылуға шақ. Шымкент әуежайы арқылы қалаға осы апта ішінде 119 рейспен 22 мыңға жуық адам келмек. Одан өзге, Шымкент теміржол вокзалы арқылы шамамен 170-ке жуық пойыз қатынасының жүруі жоспарланған. Орташа есеппен, пойызбен Шымкентке 40 мыңнан аса адам саяхат жасамақ.

Осы күндері әуежайдағы тұрақты рейстер бойынша еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей, Қостанай және шетелдің Анталия, Кутаиси, Стамбұл, Мәскеу және өзге де қалаларынан келушілер бар. Ал чартерлік рейстер қатарында Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда және Қарағанды қалаларына әуе рейстері қатынауда. Сондай-ақ, жыл басынан бері халықаралық бағытта Анталия, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Мәскеу, Бішкек, Ош, Медина, Гоа, Шарджа және т.б қалалармен чартерлік әуе рейстері қатынап келеді.

Ресми статистикаға сүйенсек, осы жылдың 3 айында Шымкентке 97 501 адам келіп, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі үшінші орынға ие болған. Айта өтсек, Шымкентте қала күні мерекесіне орай жиырмаға жуық іс-шара ұйымдастырылған.

Шымкент қаласына келушілер саны жыл сайын артып келеді. Ресми статистикаға сүйенсек, 2022 жылдың 3 айында Шымкентке 97 501 адам келіп, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі үшінші орынға ие болған. Тізім бойынша кезекте Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстары бар. Оның 90 мыңнан аса азаматы Қазақстан тұрғындары болса, 7000-нан аса турист шетелден келген.

Еліміздің үшінші мегаполисіне келушілердің басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Ресей елдерінен сапар жасаған. Ал, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Шымкентке келуші саны 71 156 адамды құрап, еліміз бойынша 5 орынды иемденген болатын.

Қалаға келушілер үшін орналастыру орындарының да саны ұлғайған. Бүгінде Шымкентте 140 орналастыру орны бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 117 пайызға еселенген. Осы қонақ үйлерде 1000-нан аса адам қызмет етеді. Олардың қатарында қонақ үй әкімшісі, хостес, ресепшн қызметкері, оператор, сату менеджері, брондау менеджері, даяшылар, аспаз, бас аспаз, бас менеджер және басқа да қызметкерлер бар. Осы қызметкерлер көрсеткен қызмет арқылы 1 млрд. 627 млн. қаржы тапқан.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр