jasqazaq.kz

Қала көшелері қайта қалпына келтіріліп жатыр

09 маусым 2022, 19:10

Биыл Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр.

Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді. МЖК ш/а Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная). 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі.

Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар. Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі. 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер.

Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі. Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін. Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.

Шымкентте көшелерді қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда бүгінге дейін жалпы 20 мың шаршы метр ойық-шұңқырлар ретке келтірілді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданының Оңтүстік тұрғын алабы Түрген көшесі жөнделіп, бүгін Достық шағын ауданына келіп жетті.Қазіргі таңда қаланың магистральді көшелерінде жұмыс аяқталды. Ендігі кезекте, маусым айынан бастап қаланың ішкі орам көшелеріне жүргізіледі.

Тәуке хан даңғылының бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып, жаңартылды. Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Қаланың орталық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілу барысында жолдар жаңартылып, олардан қолдануға жарамды қалдықтар артылады. Ескірмеген фреза қалдықтарын зая кетірмес үшін қала сыртындағы жол салынбаған елді мекендерге қолданылуда.

Оған дәлел, Солтүстік Саяжай тұрғын алабы №45 қоғамдық көлік жолының соңғы аялдамасы, атауы жоқ көшеге жарамды фреза қалдықтары арнайы жеткізіліп, қазіргі таңда жол салынуда. Бұл дегеніміз, жол жөндеу барысында шығатын жол қалдықтары қайта іске жаратылып жатыр.

Тоқтар Жақаш

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық