jasqazaq.kz

Қақаған аязда автобустан 13 жасар қызды түсіріп кеткен (видео)

08 ақпан 2019, 11:45

Оралда кондуктор 13 жастағы Вероника Коловертнованы үйіне үш аялдама жетпей автобустан түсіріп тастаған. Соның салдарынан жеткіншек үйіне қараңғыда жаяу баруға мәжбүр болыпты.

Караван  хабарлағандай, 8-сынып оқушысы мектепке арналған анықтама алу үшін емханаға барып, сол жақтан кешкі сағат 19:00 шамасында қайтып келе жатқан. Ол үйіне жету үшін №4 бағыттағы автобусқа отырыпты.

«Жолақысын алдын ала төлеп қояйын деп кондукторға жақындадым. Ол менен неше жастам екенімді сұрады. 13 жаста екенімді айтқанда, сенбей, құжат сұрады. Мен оған өзім туралы барлық мәлімет көрсетілген медициналық анықтаманы ұсындым. Алайда оның бұған көңілі толмады. «Өзің шығасың ба, әлде көмектесейін бе?» – деп сұрады», – дейді Вероника.

Сол кезде автобус адамға лық толы болса да, ересектердің ешқайсы жеткіншекті қорғамапты. «Үйге жаяу баруыма тура келді. Көпірдің астынан өттім. Қатты қорықтым», – дейді оқушы.  Осылайша ол жылап, үйіне 40 минут дегенде әрең жеткен. Анасы Любовь Толстованың сөзінше, қызы үйге келгенде көзі жасқа толы болыпты. Қатты тоңып, қорқып қалған, – дейді ол.

«Оны қайдан іздейтінімді білмедім. Алдынан шығайын немесе полицияға хабарласайын деп ойладым. Ерегіскендей, Верониканың телефонының қуаты таусылып қалған. Оған қоңырау шала алмадым», – дейді Любовь Толстова.

Ертесі күні әйел автопаркке хабарласпақ болыпты. Алайда сайтта көрсетілген нөмірге қоңырау шалғанда, ешкім жауап бермеген.   Содан кейін ол әкімдікке барған. Ол жерде ТКШ және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы қабылдап, әйел туралы мәліметте жазып алған. Алайда арызын қабылдамай қойған көрінеді.

Ал «Батыс Қазақстандық автопарк» ЖШС басшылығы өздеріне ешқандай шағым түспегенін айтып отыр.  «Бұл жағдай туралы ештеңе білмеймін. … Ол өзі маған хабарлассын. Анықтаймыз. Қыздың анасымен, қыздың өзімен сөйлесіп, сондай жағдай болған-болмағанын, қай автобус, қандай жүргізуші екенін анықтайтын боламыз. Егер факт расталса, жүргізуші түсініктеме жазады», – дейді «Батыс Қазақстандық автопарк» ЖШС директорының орынбасары Данияр Мұхтаров.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда