jasqazaq.kz

«Қайырымдылық керуені» дарынды жастардың басын қосты

23 қазан 2022, 16:22

Республикалық форум жыл сайын балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Шымкент қаласында 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы мен гала-концерті өтті. Республикалық форум жыл сайын балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

Шымкент қаласында «Қайырымдылық керуені» республикалық форумының жұмысы қорытындыланып, белсенді қатысушылар марапатқа ие болды. Шаһарда алғаш рет өткен форумға еліміздің барлық аймағынан келген 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Форум аясында «Балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында дөңгелек үстел, Оқушылар сарайында балалар үшін арнайы «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Актерлық шеберлік» сыныптарында мастер-класстар өткізілді. Әр өңірден келген 100-ге жуық жастар қала әкімдігінің қолдауымен шаһардың көрікті жерлерін аралады.

Іс-шара жастар ресурстық орталығының залында Гала-концертпен қорытындыланды. Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байғонақов шаhарда көптеген қайырымдылық істер қолға алынғанын атап өтіп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Концертте еліміздің барлық аймағынан келген дарынды жастар өз өнерлерін паш етті.

Тағылымды жиынға мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық ұжымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар басшылары қатысты. Айта кетейік, аталған форум Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтуде.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр