jasqazaq.kz

Қайын жұртының қақпасын ұрлап кеткен

15 желтоқсан 2022, 15:41

Түркістанда жергілікті тұрғын полицияға үйінің темір қақпасы ұрланғаны туралы шағымданған. Кейін тәртіп сақшылары шағымданушының мүлкін өзінің туған күйеу баласы қолды еткенін анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, тұрғыннан шағым түскен бойда, полиция аталған жайтты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеген.

Полиция сондай-ақ ұрлықтың “ізін суытпай” ашу мақсатында, арнайы топ құрып, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Осылайша олар жақын арадағы темір сататын орындарды тексерген. Нәтижесінде Түркістан қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған қақпа табылған. Кейін қақпаны қолды еткен күдікті де анықталып, ол полиция басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан. Ол қайын атасының ешкім тұрмайтын екінші үйіне ұрлыққа түсіп, қақпаны алып кеткен. Сондай-ақ күдіктінің бұдан басқа 4 ұрлық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Басылым қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын айтады.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка