jasqazaq.kz

Қайын сіңлісінің қорлығынан шаршаған келін жанайқайын жеткізді

01 мамыр 2018, 11:14

Қызылорда тұрғыны үш жыл бойы қайын сіңлісінің қорлығына шыдап келе жатқанын айтып, жанайқайын жеткізді. Бақыт есімді келіншек қайын сіңлісі оның отбасын ойрандап жатқанына сенімді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Үш жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Дәстүр бойынша келін қайын сіңлісіне сыйлық жасауы керек. Мен оған кардиган сыйладым. Өкінішке қарай, киім оған шақ келмеді.

Ол толықша келген әйел болып шықты. Алайда оның толықтығын бетіне басу ойымда болған емес. Бір аптадан кейін мен оның сыйлығымды еден жуатын орамалға айналдырғанын көрдім. Ешетеңе айтпасам да, оған деген жылы қарым-қатынасым жоғалып кетті», — дейді жас келін.

Бақыттың қайын сіңлісі тұрмыс құрмаған және өмірлік махаббатын жолықтырмаған адам болып шығады. Тұрақты жұмысы да жоқ әйел ақшаны ағасынан алып отырады екен.

«Оған жақпайсың. Үй шаруасына көмектескен емес. Алайда пісірген тамағым да, үй жинағаным да оның көңілінен шықпайды… Ең сорақысы, ол күйеуімді маған қарсы қоятынды шығарды.

Тойдан кейін бір жыл өткенде ұлды болдым. Ол баламның әкесіне тартпағанын айтып, мені опасыздық жасадың деп айыптауда», — дейді Бақыт.

Келіншек қайын сіңлісінің оларға ақшалай тәуелді екенін айтуда.

«Ол жоғары заңгер білімі бар болса да, жұмыс істеп көрген емес. Оған жұмыс табуды ұсынып едім, жанжал шығарды. Бір күні сырғамды ұрлап алғанында, бұл туралы енеме айтып едім, енем менімен бір апта бойы сөйлеспей қойды. Көп ұзамай қайын сіңлім сырғамды өзіме қайтарды. Кезекті жанжал кезінде қайын сіңлім мені қатты итеріп жіберіп, құрсақтағы баламнан айырылып қалдым», — дейді Бақыт.

Бойжеткен қайын сіңлісімен бір шаңырақта тұра алмайтынын алға тартты.

«Ондай адаммен бір үйде тұру мүмкін емес… Ол өзін тастап жіберген адам. Артық салмақ жинап алғаны соншалық, 40 жастағы әйелге ұқсап қалған.

Ең қиыны, оның кесірінен күйеуім маған суып кетті. Енем де мені жақтырмайтын болды. Отбасымның болашағы үшін қорқамын. Күйеуім бөлек шығуға көнер емес», — деп мұңын шақты Бақыт.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде