jasqazaq.kz

Қайын атасы «ұл туып бер» деп тиіскен

16 қазан 2019, 16:07

Алматы облысында тұратын Ақерке Қауымбек есімді келіншекті ата-енесі күйеуіңмен ажырастырамын деп бопсалап, қыздарын өздерінің атына жаздырып алған. Айтуынша, қайын атасы мұнымен қоймай, жыныстық қатынасқа итермелеген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

Ақерке Қауымбектің ата-енесі балаларды атымызға жазып бермесең, күйеуіңмен ажырастырамын деп қорқытып құжаттарын өз аттарына рәсімдеп алған. Содан кейін Ақерке мен күйеуінің еншісін беріп, бөлек шығарып жіберіпті.

Сөйтіп, жығылған үстіне жұдырық болып күйеуі жақ ашпастан Ақеркенің үстінен әйел алып алған.

Ең сорақысы, енесі басқа жаққа кеткен кезде Ақеркеге өзінің қайын атасы ұл туып бер деп тиіскенін айтты.

«Қайын атам маған тиісетін, маған жасырын әйел бол, Бектас сені жақсы көрмейді. Маған ұл туып бер, сосын Бектастың баласы деп айта саламыз деп мені қорқытатын», -деді жабырқаулы келіншек.

Бағдарлама барысында арнайы генетикалық талдау жасатылған. Ақерке Қауымбектің екі қыздың анасы екендігі 99,9 пайыз дәлелденген. Зәбір көрген келіншек ендігі бұрынғы күйеуінің туыстарымен соттасып, балаларын өзінің атына қайта жаздырып алмақшы. Бағдарламаға арнайы келген сарапшы заңгер Ақеркеге заңгерлік көмек көрсететін болды.

Дереккөзі: nur.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда