jasqazaq.kz

Қайын атасы немересін бермеу үшін келінін өлтірген

12 сәуiр 2018, 11:49

Оралда Семейден екі жасар үлын алып кетпек болған Ақерке Қозыкешованы біреулер өлтіріп кеткен.

Tengrinews.kz хабарлағандай,  келіншекті өзінің қайын атасы өлтірді деген күдік бар. «Ақеркені мәйітханада көргенде танымай қалдық. Бетінен бет қалмаған — ұрып-соққан, басында да жарақаттар бар, денесі көгерген, кеудесіне пышақ салынған. Сот-медициналық сараптама Еркенің қабырғалары сынғанын көрсетті», — дейді қайтыс болған қыздың туысы. Туыстарының айтуынша, олар күйеуімен 2015 жылы танысып, отбасы құрған. 2016 жылы отбасында ұл дүниеге келген. Ал 2017 жылдың қазанында Ақерке пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен. Қыз сол кезде оны күйеуі жасағанын айтқан. Бірақ кейінірек бұл іс жабылған. Ерлі-зайыпты 2018 жылдың ақпанында ажырасқан. Келіншек ұлымен бірге Семейге кетіп қалған. Артынша күйеуі келіп ұлын әкеткен. Содан 6 сәуірде Ақерке Оралға келіп, хостелде тоқтаған. Соңғы рет 8 сәуірде туыстарымен байланысқа шыққан. «Күйеуіне екі күн бойы қоңырау соққан. Ол 8 сәуірде баланы өзім әкелемін деп уәде берген. Ақерке сағат 2-де хостелден шыққан. Сол күні сағат 5-те БҚО ІІД-не келіншектің қайын атасы келіп, келініне баланы бермеу үшін оны пышақтағанын айтқан», — дейді қайтыс болған келіншектің туысы. БҚО ІІД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді