jasqazaq.kz

Қайын атасы келінін пышақтап тастады

21 желтоқсан 2017, 12:58

Оңтүстік Қазақстан облысында қайын атасы келінін пышақтап тастады. Ол келінінің ауыр сөздерін көтере алмаған. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Кикілжіңнің басы сөзге келуден басталған. Үй іргесіне көлік қоюға рұқсат берген атасының сөзіне келіні қарсы шыққан. Жоқ жерден жанжал шығып, қайын атасы келінін жарақаттау мақсатында асхана пышағын алып, келінінің соңынан ереді.

“Асхана пышағын жасырып, балалары қылмысты пиғылын іске асыруға кедергі келтірмесін деп, келінінің соңынан дәретханаға кірген. Сол иығының үстінен пышақпен соққы жасаған. Жаны ұшырған келіні көмекке шақырып, дәретханадан қашып шыққан. Аулада тұрған балалары әкесінің бұл ісін ушықтырмау үшін оған кедергі болған”, — дейді ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры Мырзахмет Сейдахметұлы.

Ол келінін өлтірмек ниетінің болмағанын, пышақтап сабақ беріп, сабасына түсірмекші болғанын айтты.

“Өлтірем дегенім жоқ, сабасына түсіргім келді. Сабақ болсын дедім. Оның боғауыз сөздеріне шыдай алмадым. Мұндай боғауызды ешкімнен естіп көрген емеспін. Келінім бұрын да сотты болған. Өзі есепте тұрады. Өлтіргім келмегенін тағы қайталап айтамын”, — деді сотталушы Дәулетбек Рахманалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс бойынша ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында жалғасып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде