jasqazaq.kz

Қайықпен жүзген астаналықтарға неге айыппұл салғанын түсіндірді

24 тамыз 2018, 15:13


Полиция өкілдері Астанадағы Момышұлы даңғылында су басқан аумақта үрленетін қайықпен жүзіп жүрген екі жігітке неліктен айыппұл салғандарын түсіндіріп берді.

Бұл туралы Tengrinews.kz   Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «20 тамызда шамамен кешкі сағат 19.00-лерде астаналық екі тұрғын Момышұлы даңғылының бойында үрленетіп қайықпен жүзіп жүрді. Жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында олар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардан жауап алынды. Екі тұрғын көңіл көтеру мақсатында осылай жасағандарын айтып түсіндірген. Екеуіне қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады полиция өкілдері. Іс материалдары Астананың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды. «Ол аумақты басқару қиын, онда көп ереже бұзушылықтар жасалған. Астаналық екі тұрғынның салдарынан түрлі жағдайлар болар еді. Олардың әрекеті басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді», — деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Еске сала кетейік, тамыздың 20-21 күндері Астанада жеті айлық көрсеткіш мөлшерінде жаңбыр жауған болатын. Соның салдарынан жолдарды су басып, кептелістер болды. Куәгерлер оталмай қалған автобустар мен қайықпен жүрген адамдардың видеосын Желіде жариялаған еді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді