jasqazaq.kz

Қайтыс болған ер адам 3 адамның өмірін ұзартты

08 желтоқсан 2017, 17:11

Инсульттан көз жұмған алматылық 48 жастағы ер адам 3 адамның өмірін ұзартты. Марқұмның туысқандары оның ішкі органдарын мұқтаждарға беруге келісім берген.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл  жайлы ҚазАқпарат агенттігіне А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бауыр трансплантациясы және урология бөлімінің меңгерушісі Равиль Ибрагимов айтты.

10 қарашада 48 жастағы ер адам ауруханада инсульттан көз жұмған. Марқұмның әйелі мен туыстары 2-3 сағаттық кеңесуден соң ішкі органдарын донорлыққа беруге келісім берген.

2 бүйрек Алматыда қалса, жүрек Астанаға жөнелтілді.

А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бауыр трансплантациясы және урология бөлімінің меңгерушісі Равиль Ибрагимов бастаған команда күрделі отаға кірісіп кетті.

«12-14 сағат дайындыққа кетті. Марқұмның ағзасынан анализ алынды. Тексерген соң 2 бүйрек, 1 жүрек алынды. Бауырын алмадық, себебі бауырында өзгерістер болды. 1 тәулік ішінде кезекте тұрған науқастардан да анализ алынып, сәйкестігі тексерілді. Нәтижесінде 5 жыл гемодиализ аппаратына таңылған 48 жастағы ер адамға бүйрек ауыстырылды. Сосын 1 жыл гемодиализ аппаратын жағалаған 34 жастағы жігіттің бүйрегі ауыстырылды. Екеуі де 3 аптадан соң шықты. Денсаулықтары жақсы. Гемодиализ аппаратын пайдаланбайды. Ал жүрегі Астанадағы пациентке салынды. Бұл оқиға да жақсылықпен аяқталды», — деді Равиль Ибрагимов.

Республикалық трансплантация үйлестіру орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда бүйрек ауыстыру кезегінде 2779 ересек, 51 бала тұр. Ал бауыр ауыстыруға — 549 ересек, 9 бала, жүрек ауыстыруға — 122 ересек, 16 бала, өкпе ауыстыруға 11 ересек адам кезек күтіп тұр. Қазақстанда ең алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы 1979 жылы жасалған. Осы уақытқа дейін елде мыңға жуық ота жасалды.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды