jasqazaq.kz

Қайтыс болған адамның жаназасы жаңаша шығарылып, ел дүрлікті (видео)

16 қыркүйек 2020, 11:47

Жаназа шығарудың жаңа жолы! Әлеуметтік желіге»«Тәңіршінің жаназасы» деген атпен таралған видео бірнеше күннен бері қоғамның қызу талқысына түсті. Онда жаназаға жиналған жамағат марқұмды мұсылмандық емес, тәңіршілдік жолмен ақтық сапарға шығарып салады.Құранның орнына қара сөз арнап, жаназа намазы мүлде оқылмайды. Дәстүрлі дінді ұстанушылар бұл шаманизмнің қалдығы десе, Діни басқарма өкілдері тәңіршілдерді еш жерде тіркелмеген дін бұзушылар деп отыр. Бұл туралы  КТК телеарнасы хабарлады.

Үш күн бұрын әлеуметтік желіге тараған видео Алматы облысында түсірілген. Жиналған жамағат тәңіршілдік ілімін ұстанатын азаматты ақтық сапарға шығарып салуда. Бірақ әдеттегідей қайтқан кісіге құран бағышталып, жаназа намазы оқылған жоқ. Алдымен марқұмның қарызы мен парызы сұралды. Одан кейін қара сөзбен жаназасы шығарылып, Құдайға табысталды. Тәңіршілдер ас қайырғанда да алақан жайып, әумин деп айтпайды екен. Барлығы қос қолын кеудесіне қойып, өмін деп дауыс шығарады. Алланы да ауызға алмайды. Құдай деп қол жайғанымен, құран оқымайды. «Барлық дұға-тілекті қазақи қара сөзге салып, көкейден айтамыз», — дейді марқұмның жаназасын шығарған Қайрат Рамазан.

Қайрат Рамазан, «Тәңір ілімі» Қоғамдық бірлестігі діни департаментінің бастығы:

— Біз бата бергенде, тілек айтқанда, лебіз үйіргенде, ниет білдіргенде бет сипамайды емес, сипаймыз. Жоқ болсын дегенде. Жамандық болмасын, қайғы қасірет болмасын дегенде бет сипаймыз. Қалған уақытта көкейден шығарамыз. Өмін, өмір деген сөз бар. «Құдайға көңіл бөл» деген мағына білдіреді ол. Біз Құдайға мынаны істе, анда жібер деп айта алмаймыз ғой. Сондықтан өмін деп айтамыз.

Ал Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы тәңіршілдік ешқандай дінге жатпайтынын айтты. Өйткені оның ілімі, мәдениеті, тарихы жоқ екен. Сондықтан өздерін тәңіршілміз деп жүргендер бүйректен-сирақ шығарып, ел ішіне іріткі салуда дейді имамдар. Ал тәңіршілдік жолмен жаназа шығару нағыз мәңгүрттік деді мүфтият өкілдері.

Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі:

— Өте обал болды, кешегі қайтыс болған кісіге. Адам қайтыс боларда оған кәлиманы айтқызады. Кімнің ақырғы сөзі осы болса, ол жәннатқа кіреді дейді. Оның мирам суы, шешіндіріп жуындыру, оны жуындырды ма, құдай біледі. Кебінге орау, төрт тәкпірлі жаназа, біреуі қалып кетсе тура болмайды. Жерлеу, одан кейін құран оқу. Бұның біреуі де болған жоқ.

Алматыда «Тәңір ілімі» деп аталатын қоғамдық бірлестік бар. Оған елде 200 мыңға тарта адам мүше көрінеді. Бірақ олар діни бірлестік ретінде ресми тіркелмеген. Соған қарамастан, тәңіршілдіктің жөн-жоралғысы мен салт-дәстүрін ашық жарнамалай бастады. Ал одан Дін істері комитетінің хабары жоқ сияқты. Себебі, құзырлы мекеме «Тәңіршілер ұйымының жұмысы заңды ма?» деген сауалымызды созбалаңға салып, ақыры жауапсыз қалдырды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия