jasqazaq.kz

Қайта сынама тапсырған 19 адамнан COVID-19 табылды

14 сәуiр 2020, 12:34

#үйдеотыр

Елордада қайта сынама тапсырған 19 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді.

Қазіргі уақытта елордада вирус жұқтырғандар саны 264 адамға жетті. Соңғы екі күнде — 12-13 сәуір күндері 29 жағдай тіркелді. «19 жағдай — өкпенің екіжақты қабынуы, тыныс алу қиындығы бойынша бірнеше күннен бері стационарда жатқан науқастардан табылды. Олардың алғашқы сынамасында коронавирус инфекциясы табылмаған еді», — деп атап өтті басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасындағы брифингте.

Бірақ, КВИ диагностикалау мен емдеу хаттамасында ауру белгілері (рентгенограммада немесе компьютерлік томографияда өкпенің екіжақты өзгеріске ұшырауы) байқалған адамдардан қайта сынама алу ұсынылған.

«Осылайша, дәрігерлер қайта сынама алған 19 науқастан инфекция табылды. Бұл әдіс арқылы коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеу тиімді болады. Тағы 7 оқиға — науқастармен байланыста болғандар, отбасы мүшелері немесе бірге жұмыс істегендер арасынан табылды. Олар бұған дейін оқшауланып, тексеруден өткен және инфекция расталғандықтан, ауруханаға жатқызылды. Ал 3 оқиға — коронавирус инфекциясы бойынша жүргізілген мониторинг барысында табылды», — деді Сәуле Қисықова.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі