
Алматының «Қайраты» Конференция лигасының үшінші турында «Карабахпен» кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Олимпиадалық стадионда өткен матч 2:1 есебімен әзірбайжандық клубтың пайдасына шешілді, дейді aladop.kz.
Ойынның 19-минутында «Қайрат» шабуылшысы Хосе Канте пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.
Бірақ 70-минутта алаңға шыққан Рамиль Шейдаев тоғыз минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті, ал 91-минутта Аббас Гусейнов жеңісті голдың авторы атынды.
«Карабах» бұл жеңістен кейін 7 ұпаймен Н тобында көш бастады. Құрбан Бердыев шәкірттері бір ұпаймен үшінші орында қала берді.