jasqazaq.kz

«Қайратқа» неміс шабуылшысы келді

19 қантар 2021, 20:08

Ел чемпионы «Қайрат» командасына неміс шабуылшысы Штрели Мамба келді.

«Қайрат» футбол клубы мәлім еткеніндей, Ш.Мамбемен екі жылға келісімшартқа қол қойылған. Неміс ойыншысы 1994 жылы 17 маусымда Гёппингенде (Германия) дүниеге келген. Орталық шабуылшы, сонымен қатар қос қанатта да ойнай алады, оңқай. Жасөспірім кезінде «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» сияқты командаларда доп тепті. Кәсіпқой спорт жолын 2013 жылы «Хомбург» клубында бастады. Сондай-ақ «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Зандхаузен» және «Энерги» (Коттбус) командаларының намысын қорғады. Соңғы командасы – Екінші Бундеслигада өнер көрсететін «Падерборнда» екі маусымды өткізді. Ш.Мамба 2019-2020 жылғы маусымда «Падерборн» сапында Бундеслигада ойнады. 24 матчта 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 24 кездесудің 18-інде негізгі құрамда алаңға шықты. Футболшы Германияның түрлі лигаларында 199 матчта қарсыластар қақпасына 65 гол соқты.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия