jasqazaq.kz

«Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты

18 шiлде 2019, 23:13

Бүгін Алматының «Қайраты» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне шықты. Олар бүгін Алматыда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» командасынан басым түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде сырт алаңда «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді . Сондықтан қонақтар жарысты жалғастыру үшін кем дегенде екі гол айырмасымен доп соғуы тиіс болатын. Айта кетерлігі, «Широки Бриег» бүгінгі күнге дейін екі мәрте қазақстандық клубтармен шеберлік байқасып үлгерді. Еуропа лигасының 2013/2014 жылғы аламанында екінші іріктеу кезеңінде Павлодардың «Ертісінен» сырт алаңда 2:3 есебімен жеңіліп, өз алаңында 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша жарыстың келесі сатысына шықты. Ал Еуропа лигасының 2017/2018 жылғы аламанында бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» командасын (2:0, 0:0) сүріндірді. Бүгінгі ойында «Қайрат» басым ойнады. Алғашқы кезеңде ойын тізгінін алматылық футболшылар ұстады. Шабуыл шебінде көбірек көрінді. Босниялық ойыншылар арасында қарсы шабуылға шықты. Десе де бірінші кезең 0:0 есебімен тең аяқталды. Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында «Широки Бриег» шабуыл шебінде көбірек көрінді. Бұл сәттерде алматылық қорғаушылар лайықты төтеп бере білді. Ойынның 90-минутында алматылық клубтың қақпасына пенальти белгіледі. Оны «Широки Бриег» сапынан Дражен Багарич орындады. Содан кейін «Қайрат» ойыншылары Рамазан Оразов 92, Исламбек Қуат 93-минуттарда гол соқты. Нәтижесінде «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты. Енді олар 23 шілде және 1 тамызда Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) және Албанияның «Лачи» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда