jasqazaq.kz

Қайрат Затов: Қоғамдағы діннің рөлі дұрыс түсіндірілуі керек

13 желтоқсан 2018, 15:41

Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, жаңа үрдістері туралы  Jasqazaq.kz  тілшісіне Нұр-Мүбарак Египет ислам университеті «Дінтану» кафедрасының профессоры  Қайрат Затов  әңгімеліп берді.

Қайрат Айтбекұлы, еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатына маман ретінде көзқарасыңыз?

Қазіргі таңда өздеріңіз жақсы білесіздер Қазақстан Конституциясында зайырлы, демократиялық мемлекет деп танылған. Сондықтан біздің елімізде зайырлылық принциптерін нығайтуға, оны әрі қарай жетілдіруге үлкен мән берілген. Қазіргі кезде өздеріңіз жақсы біліп отырсыздар  әлемде діни жағдайлар өте шиеленісіп тұр. Көптеген қақтығыстар орын алып отыр. Сондықтан осы қақтығыстарды елімізде болдырмауға олардың алдын алуға бағытталған мемлекетіміздің қабылдаған құжаттары бар.  Оның бірі 2017-2020 жылдарға арналған «Экстремизм мен терроризмге күрес» бағдарламасы. Сонымен қатар Дін саласындағы саясаттың  жобасы сынды көптеген құжаттар бар. Соның аясында оларды  күнделікті өмірімізде жүзеге асыруға басты назар аударуымыз керек.

Ал еліміздегі дін саласындағы саясат қалай жүзеге асырылуда, белгілі бір механизмдері бар ма?

Бірінші кезекте ескеретініміз,  біздің мемлекетіміз белгілі бір  діндерге  қарсы саясат жүргізбейді. Сонымен қатар қандай да бір дінге басымдық та бермейді. Бірақ біздің еліміз Ислам дінін өзіміздің халқымыздың, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі ретінде қарастырады және оны дамытуға,  қолдауға көптеген назар аударып отырады. Өзіңізге белгілі әр түрлі іс-шаралар мемлекет тарапынан жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» баяндамасына байланысты әр жерлерде өзіміздің мәдени ескерткіштерімізді  жаңарту, оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.  Мәдени құндылықтарымызды назардан тыс қалдырмау да Елбасының мақаласында көрініс табады. Ал мәден құндылықтарға ата –бабамыз ұстанған ғасырдан ғасырға жалғасқан дін де негіз бола алады.

Соғы кездері белең алып отырған экстремизм мен терроризм мәселесінде де мемлекетіміз әрекетсіз емес, ал осы мәселенің шешілуіне қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

Иә,  расында да қазіргі таңда экстремизм мен терроризм ол өте үлкен бір дертке айналып отыр. Сондықтан қоғамның осы дерттен бойын аулақ ұстауына  көп назар аударуымыз керек. Былайша айтқанда адамдардың құқығына нұқсан келтірмей, оларды деструктивті діни экстремистік  немесе террористік мақсатта қолданылатын топтардың әрекетінен қорғай білуіміз керек. Яғни біз осыны халыққа жеткізуіміз керек. Ол үшін не істеуіміз керек? Ол үшін өзіміздің дәстүрімізді өзіміздің қазақ топырағында қалыптасқан исламның негіздерін толықтыруымыз керек. Соны халыққа жеткізе білетін қазіргі таңда діни мамандар  даярлауды қолға алып жатырмыз. Осы бағытта Нұр- Мүбарак Египет ислам университеті нақты жұмыстар жасап жатыр. Сондықтан болашақта мен ойлаймын, дін мен мемлекеттің арасында үйлесімді өзара ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастарды жетілдіруге біршама басымдықтар беруіміз керек. Әрине дін саласына келгенде біздің мемлекетіміз бей-жай қарамайды. Мысалы дін дегеніміз адам мен жаратушының арасындағы ғана қарым-қатынас емес қой ол әлеуметтік қатынастардың бір саласы. Сондықтан осы әлеуметтік қатынастардың бір саласы ретінде мемлекет оны реттеп отырады. Не арқылы десеңіз? Әр түрлі механизмдер арқылы. Сондықтан қоғамдағы діннің рөлін түсіндіру арқылы діннің құндылықтарын белгілі бір дәрежеде мысалы халыққа жеткізу арқылы яғни діннің былайша айтқанда позитивті  мүмкіндіктерін қоғамның кемелденіп дамуына үйлесімді қызмет етуіне жағдайлар жасауымыз керек.

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады