jasqazaq.kz

Қайрат Түнтековке Ресейдің танымал продюсері ұсыныс жасады

25 қантар 2018, 13:46

Осыдан екі ай бұрын сахнаға қайта оралдым деген Қайрат Түнтековке, шетелдік азулы продюсерлердің көзі түсіп жүрген көрінеді. Әншіні қанатының астына алмақ ниеттілердің қатарында, аты әйгілі ресейлік Максим Фадеев те бар. Өнерпаздың өзі бұл туралы не дейді?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды деп жазды stan.kz сайты.

Төрт жылдық үзілістен кейін, үлкен камбэк жасауға белін бекем буған Қайрат Түнтеков, бұл күндері діттегеніне жету үшін барын салуда. Жуырда ғана әнбайқауының жеңімпазы атанған оған, жан-жақтан толассыз ұсыныстар білдіріп жатқандар жетерлік.

“Ұсыныстар түсіп жатыр, шетелден де, Ресейден де түсіп жатыр. Максим Фадеевтің продюсерлік орталығынан келді. Сол кісінің өзі де кішкене шақырды. Әрине, енді Қытайдан да ұсыныстар түсті. Көреміз енді қайда баратынымызды”, – дейді Қайрат.

«Глюкоза» сынды ресейлік әншілерге танымалдылық сыйлаған Фадеев мырзамен жұмыс істеуім де бек мүмкін деген Қайрат Түнтеков, Қазақстандық продюсерлермен ортақ іс атқаруға мүлде құлықсыз..

“Біраз продюсерлермен жұмыс істеп тастадым. Он төрт жылдың ішінде біраз нәрсені көрдік, үйрендік. Сондықтан, Қазақстанда өзіміз жүре береміз осылай жұмыс жасап”, – дейді Түнтеков.

Жеке продюсері болмаса да, дарын иесі бұл күндері талай істі тындырып тастаған жайы бар. Қатарынан бірнеше ән жазып, көктем шыға салысымен өзінің жеке кешін өткізбек ниетте.

“Үлкен шоу-концерт болады. Ол жерде мені басқа образда көресіздер. Еуропаның стандартымен істегім келіп жатыр концертті. Енді, әрине жанды дауыс ол бір, шоу ол екі”, – дейді Қайрат.

Екі сағат бойы жалғыз өзім, жанды дауыста тыңдарманға тамылжыта ән саламын деген Қайрат Түнтеков концертіне кірісіп кеткен. Одан бөлек, жуық арада жаңа бейнебаянын таспалауды да ойласытырып қойған…

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды