jasqazaq.kz

Қайрат Түнтеков дауысы жоқ әншілердің көбейіп кеткеніне күйінді

06 қараша 2017, 12:57


Төрт жыл бойы өнер әлемінен жырақта болған Қайрат Түнтеков осы уақыт аралығында құр қарап жатпаған. Шоу-бизнесті жіті қадағалап отырған әнші соңғы кездері елімізде дарынсыз әншілердің көбейіп кеткеніне қапалы. Алайда Қайраттың пікірінше, өнер әлемінде жақсы жаңалықтар да баршылық.Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Осы 2 жылдың ішінде әншілер көбейіп кетті. Шеттен бақылап отырамын ғой. Айта алатыны да, айта алмайтыны да бар араларында. Енді ренжімесін, осы сөзімнен кейін мені жек көріп кететіндері де бар шығар”, – деп мәлімдеді Түнтеков.

Алайда әнші өнер әлеміндегі жағымды жаңалықтардың да баршылық екенін атап өтті.

“Бізде той-бизнес қалған. Той қазақтың қазынасы дейді ғой. Сондықтан ол өзгере қоймайды-ау. Соның арқасында көп жаңадан шығып жатқан әншілер ақша тауып, отбасын асырап жатыр. Ал шоуға келетін болсақ, меніңше бұл қуантарлық жаңалық. Өйткені шоу-бизнестің көтеріліп, өзгеріп жатқанына қуанамын. Музыкалық бағыттың өзгеріп жатқанына қуанамын”, – дейді Қайрат.

Әнші сахнаға қайта оралғандықтан, ендігі көздеген мақсатының ауқымды екенін атап өтті.

“Қатты есейдім, баяғы жас 17 жасар Қайрат емеспін. 4 жыл сахнада болмағандықтан, халықтың сағынышын басу деген миссиямен оралып отырмын”, – деп түсіндірді ол.

Қайрат төрт жыл бойы спортқа ден қойып, кәсіби түрде футболмен айналысқанын тілге тиек етті. Спортпен тұрақты түрде айналысқан әнші тіпті, жеке футбол командасын құрып алған көрінеді.

“Бизнес жайлы ойладым. Мүмкін айналысып көрермін деп. Түк шықпады сөздің ашығы. Көбіне спортпен айналысып жүрдім. Өзімнің “Барыс” атты футбол командам бар. Достарым, інілерім бар. Үлкен-үлкен сайыстарға қатысамыз”, – дейді Қайрат.

Бүгін, 14:41
Тарих тұңғиғы, тағдыр тәлкегі және «ТАЙТҰЯҚ» алтын
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде