jasqazaq.kz

Қайрат Түнтеков Америкаға қоныс аудармақ

26 қазан 2017, 12:05

Төрт жыл бойы халықтың алдына шықпаған Қайрат Түнтеков, үлкен камбэк жасауға белін бекем буған. Көзден таса болған әнші, енді қазақ әндерін шетелде танытуды ойлап жүр. Ол үшін Қайрат, тіпті туған жерін тастап, Америкаға қоныс аудармақ…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Тыңдарманын ерекше дауысымен қуантуды сиреткен Қайрат Түнтеков, сахнаға қайта оралды.

“Сағындық Қайрат. Балам деп апалар жазып кетеді мысалы, сонымен кәдімгідей білдім халық ұмытпағанын, халық сағынғанын. Ойыма сол келді де, неге халық үшін шықпасқа, халықты сағындырдым қатты”, – дейді Қайрат Түнтеков.

Өнерпаз, жеке әндерінің неліктен өте сирек жарық көретінін түсіндіре кетті.

“Мен шығарсам болатын еді, на-на-на деп шығара салам. Күніне пачка-пачка өлеңдерді шығара беруге болады. Сөздің шыны керек. Бірақ менің ішкі дүнием ондай емес те көрдіңіз бе”, – деп түсіндірді Қайрат.

Қазақ шоу-бизнесіне көңілі көншімейтін Қайрат, шетелдегі халқаралық ән додаларына қатысу үшін қомақты қаражат керек дейді. Оның ойынша, дарындарға қол ұшын созып, қолдау көрсетер жомарт жандар жетіспейді.

“Шоу-бизнес дамымағаннан кейін, бізде қызық емес те ақша салу, спонсорларға. Тек қана бизнеске салады, бизнес ақша алып келеді”, – дейді Түнтеков.

Қиындықтарына қарамастан үлкен камбэк жасауға бекінген орындаушы, жуық арада «Америка дауысы» байқауында ән шырқап жатса, еш таңқалмаңыз.

“Кішкентай кезімнен осы мақсатым бар, Америкаға барып, жасым 58-ге келетін болса да, барамын да әйтеуір өзімнің атымды шығарамын сол жақта. Тек қана өзім-өзім деп жатқан жоқпын. Ондай емес менде, мен тұра бермеймін Америкада, өз елімде боламын. Бірақ қазақтың атын қатты шығарғым келіп жүр”, – дейді Қайрат.

Одан бөлек, өнер иесі бірнеше тың туындылар жазып қойған көрінеді. Қатарға қайта қосылдым деген Қайратты, жаңа әніне сусаған тыңдармандары бары қуантады.

stan.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде