
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков «1001 түн» бағдарламасында балаларының бірге екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Екеуі бүгінде бірге, бірақ отбасы болғасын ыдыс сықырламай тұрмайды. Құдайға шүкір төрт немере бар. Жұлдызды әрқашан жоғары қоямын. Құдай маған қыз бермеді, үлкен қызымдай болып келді. Өз тарапымнан ешкімнен кем қылған жоқпын. Өздерінің арасындағы кішкене бір кикілжіңге кіріскім келмейді. Екеуі 33-34 жасқа келіп қалды. Бұл жағын өздері шешеді. Ең бастысы екеуі бірге», — деді Нұртас Айдарбеков.