jasqazaq.kz

«Қайрат» пен «Зенит» Нұрәлі Әліпті жалға алу жөніндегі келісімге қол жеткізді

17 ақпан 2022, 10:10

«Қайрат» пен «Зенит» футбол клубтары қазақстандық Нұрәлі Әліпті жалға алу жөніндегі келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Зенит» ФК баспасөз қызметі:

Қазақстан құрамасының футболшысы (Нұралы Әліп – ескерту) 2022 жылдың соңына дейін сатып алу құқығын сақтай отырып, жалдау құқығы негізінде «Зенит» футбол клубына қосылды.

Нұрәлі Әліп 1999 жылдың 22 желтоқсанында Ақтау қаласында дүниеге келген. Сегіз жасында жергілікті «Каспий» командасында футболдың алғашқы әліппесін ашты.

2015 жылдан бастап «Кайрат» академиясына ауысып, үш жылдан кейін алматылық клубтың негізгі құрамында тұсаукесер ойынын өткізді. Қазірге дейін ол «Қайрат» құрамында 99 ойын өткізген. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына бес гол соғып, әріптестеріне төрт нәтижелі пас берді. Команда құрамында ел чемпионы атағына ие болып, екі мәрте Қазақстан кубогына қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізіп үлгерді.

Биылғы жылдың қаңтарында «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Atlantic Cup кубогында Данияның «Мидтьюлланд» және «Брондбю» командалары қақпасына екі гол соқты. Ол өзінің жаңа клубында 28 нөмірлі жейдеде ойын көрсетеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық