jasqazaq.kz

«Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» жаға жыртысты (видео)

14 ақпан 2020, 11:58

«Қайрат» пен «Динамо» футболшылары ойын алаңында төбелес шығарды.  Түркияда өтіп жатқан футбол ойыны кезінде қазақстандық «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында жаппай жаға жыртыс орын алды.
Оқыс оқиға сайыстың 79-шы минутында болған. Ресейлік құраманың қорғаушысы Сергей Паршиволок 18 жастағы Руслан Жарлаев есімді «Қайрат» футболшысына тап беріпті. Екеуінің арасында текетірес пайда болып, ойын алаңына «Динамоның» жанкүйерлері, қосымша ойыншылары мен жаттығу штабының өкілдері шығып кеткен. Нәтижесінде Жарлаев, Паршивлюк және қазақстандық клубтың қақпашысы Стас Покатиловқа ескерту жасалып, «Динамо» қорғаушысы Тони Шунич ойын алаңынан қуылған. Шунич өзінің досы үшін кек алмақ болыпты. Ойын 1:1 есебімен аяқталған. Жарыстың 57 минутында қазақстандық футболшы Данияр Үсенов қз тобына бір ұпай алып келсе, 72 минутта «Динамо» ойыншысы Сильвестер Игбун есепті теңестіріпті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия