jasqazaq.kz

«Қайрат» пен «Астананың» жанкүйерлері төбелесіп қалды (видео)

04 наурыз 2019, 12:22

Алматыда Орталық стадионда болған «Қайрат» пен «Астана» клубтарының суперкубок матчынан соң жанкүйерлер арасында төбелес басталған. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде шықты. Бейнекадрда жігіттер өзара төбелесіп, былапыт сөз айтып жатқаны түсіп қалған. Оларды полиция қызметкерлері ажыратты. «Футбол матчын полиция қызметкерлері бақылап жүрген. Сол сәтте Орталық стадионда жастар арасында өзара дау-жанжал пайда болған. Полиция оларды ажыратып, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізді. Кейін жастармен қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деді Департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Айта кету керек, кеше Алматыда Орталық стадионда «Қайрат» пен «Астана» футбол клубтары Суперкубок үшін кездескен болатын. Ойында «Астана» командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда