jasqazaq.kz

Қайрат Нұртастың анасы: пара беріп, жетістікке жетпей-ақ қойдым

30 тамыз 2018, 18:43

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың жаңа қызметіне қатысты мәлімдеме жасады. Ол 10 жыл бойы халықтан жасырынғанымен, Жұлдыздың “қараңғы қамақта” болмағанын айтты. Бала тәрбиесі мен келіндік міндетімен қатар, білімін шыңдап, жоғары оқу орнын да тәмамдап алғанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Гүлзира Үсенқызының дәл осындай мәлімдеме жасауы бекер емес. Жұлдыздың тележүргізуші болатынын естіп, жағымсыз пікірлерді қарша боратқандарға Қайраттың анасының берген жауабы бұл.

“Осы жарнама шыққалы, Жұлдыз журналистерге орын қалдырмады, оқымаған деп, біреулер бұрқыратып жазып бастады. Жұлдызға 10 жыл бойына, мал бақтырып, сиыр саудырып қойғаным жоқ. Тұрмысқа шыққанша колледжді бітірсе, тұрмысқа шыққаннан соң, балаларын дүниеге әкелді, ибалы келін, сүйікті жар болумен қатар, жоғарғы оқу орнын да тәмамдап алды.

Қайрат шыңға шыққанша нені бастан өткізбедік, кір іздеу, мұқату, аяқтан шалу, жала жабу. Сіздердің білетіндеріңіз тек “Праймдағы” жағдай ғана, бірін білсеңіздер, бірін білмейсіздер. Сынаққа сынып кетпей шыңдала түскен тәрбиемізді көріп өскен “Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра” дегендей, Жұлдызым қайсарлығымен бәрін жеңіп шығатынына сенімдімін”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Бұдан өзге, Қайрат Нұртастың анасы “Арман” фильмі шығар кезде де ұлы мен келініне қатысты ақылға қонымсыз сөздердің айтылғанын жасырмады. Десе де, ештеңеге қарамастан, Жұлдыздың үздік актрисалар қатарына кіргенін мақтаныш көретінін айтты.

“Ал біреулер, ақша беріп кірген ғой деп, жұртты кері пікірге итермелеу пиғылымен тағы жазыпты.

Пара беріп, жетістікке жетпей-ақ қояйын. Осы уақытқа дейін 1 тиын пара бермей, таза, қара тер еңбегімізбен қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша алмайды екенбіз. Жұлдызымның өте үлкен сынға түскелі тұрғанын, алда небір аяқтан шалу болатынын біліп те сезіп те отырмын. 10 жыл бойына сабырлықпен отырды екен деп, 100 жыл отыр демейтін шығармыз.

Әр нәрсенің шегі бар. Оның да алға қойған мақсаты бар, өзіне деген сенімі тағы бар. Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын. Қайта қыздарыңыз бен келіндеріңіз, жас аналар Жұлдыздың төзімділігінен, еңбекқорлығынан үлгі алсын. Қолдарыңыздан келсе сәттілік тілеңіздер. Жұлдызым, жұлдызың жана берсін! Біздің және ұл-қыздарыңның бағына, өмірің ұзақ, ғұмырлы болсын жаным! ” Суға салса батпай, отқа салса жанбай” өзіңнің пәк төзімділігіңнің арқасында шыңға шығып, үмітімізді ақтайды деп үлкен сенім артамын. Сәттілік серігің болсын”, – деп келініне деген ақжарма тілегін жеткізді ол.

.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді