jasqazaq.kz

Қайрат Нұртас жол ережесін бұзып, айыппұл арқалады (Видео)

28 тамыз 2023, 12:13

Өткен демалыс күндері желіде әнші Қайрат Нұртас мінген көліктің Жамбыл облысы Қордай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шығып кеткен видеосы отандық телеграм арнада тарады.
“Тағы да мәдениет жаңалықтары. Халық әншісі Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік жүргізу құқығынан айыратындай жол қозғалыс ережесін өрескел бұзды. Жүрген жеріне міндетті түрде зақым келтіретін пенде екен», – деген жазбамен жарияланды бейнежазба.
Болған жағдайға қатысты Жамбыл облысы Полиция департаменті түсініктеме берді. Полицияның мәліметінше, оқиға 25 тамызда болған, ал автокөлікті әншінің жүргізушісі басқарған.
“Бұл дерек Қордай ауданы «Алматы-Ташкент» тасжолының 215-шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі