jasqazaq.kz

Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасы кезіндегі жаңа видеосы жарияланды (Видео)

25 сәуiр 2022, 10:57

Әлеуметтік желіде уақытша ұстау изоляторына қамалған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбадан Алматыда дүрбелең басталған кездегі Қайрат Құдайбергеннің ереуілге шыққан азаматтарды сабырлылық танытуды және мүліктерді қиратпауға шақырып жатқан сәтін көруге болады.

Еске сала кетсек, кеше Қайрат Құдайбергенді ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікпен ұстады.

Алматыдағы қаңтар тәртіпсіздіктері кезінде Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қасынан көрінген болатын.

Қалалық прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, оның айналасына бірігуге және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырған. Сондай-ақ ол адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау берген.

«Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты», – деді прокуратура.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр