jasqazaq.kz

Қайрат Қожамжаров: Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды

08 желтоқсан 2017, 12:12

Соңғы он жылда шетелде бой тасалап жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлі күнге дейін жемқор министрлер мен әкімдер шетелде тығылып жүр. Олардың барлығы 8 млрд доллардан астам қаржыны жымқырып кетті. Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бүгінде олар саяси баспананың арқасында жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, әрбір жемқордың тиісті жазасын береміз, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өткен xалықаралық конференцияда. Агенттік басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан жемқорлар мен олардың активтерін қайтару бойынша 40-тан астам мемлекетпен xалықаралық келісімді рәсімдеді. Әріптестердің ішінде Испания, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Литва және тағы басқа елдер бар.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды