jasqazaq.kz

«Қайрат» Еуропа лигасын жеңіспен бастады

12 шiлде 2019, 10:18

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық «Широки Бриегті» жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 12 шілдеге қараған түні «Пецара» стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

«Қайрат» матчтың 29-минутында алға шықты — жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның пасынан кейін украиналық форвард Адеринсола Эсеола қанжығасын майлады. Бірақ «Широки Бриег» ойыншылары есепті жылдам теңестіріп тастады — 34-минутта ресейлік хавбек Иван Ениннің алыстан бағыттаған добы Стас Покатилов қақпасына еніп кетті. Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. «Қайрат» 58-минутта айып соққысын голға айналдыра алды: Исламхан допты сол қанатқа жеткізді, мұнда жалғыз тұрған қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңына пас асырған, Эсеола дубль жасап, матч нүктесін қойды. Енді «Қайрат» пен «Широки Бриег» арасындағы қарымта ойын 18 шілдеде Алматыда өтеді. Басталуы — елорда уақытымен 20:30-да. Алаң иелері кем дегенде тең түссе не 0:1 есебімен жеңілсе, келесі кезеңге өтеді. Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» өз алаңында грузиялық «Торпедоны» 1:0 есебімен жеңген, ал «Тобыл» сырт алаңда люксембургтік «Женесс» командасымен тең тарқасқан болатын — 0:0. Бұл командалардың да қарымта кездесуі 18 шілдеде өтеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда