jasqazaq.kz

«Қайрат» экс-футболшысын түнгі клубта атып кетті

12 тамыз 2019, 10:42

«Қайрат» футзал клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваға белгісіз біреулер түнгі клубтан шығып бара жатқан кезінде оқ атқан.

Бұл мәліметті Бразилияның «Коринтианс» командасының өкілдері растады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Спорт порталының мәліметінше, 27 жастағы Нуньес командасындағы достарымен түнгі клубқа барған. Бірақ футболшылар түнгі клубтағы басқа адамдармен сөзге келіп, нәтижесінде шығаберісте атыс болған. Өкінішке қарай, футболшының өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер қылмыскерді іздестіру жұмыстарын бастады. «Коринтианс» клубының бас бапкері Андре Бие осы жағдайдан кейін полицияға барған. «Нақты не болғанын айта алмаймын, себебі ол кезде мен ұйықтап жаттым. Қазір оқиғаның мән-жайын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Оның сол демалыс күні командадағы ойыншылармен бірге болғанын білемін», — деді Бие.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда