
9 тамызда, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасында іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы бірінші кездесуін чехиялық «Сигмаға» қарсы өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші ойын Чехияның Оломоуце қаласындағы «Андрув» стадионында 0:2 есебімен отандық клубтың ойыншылары жеңіліп қалды. «Сигма» жартылай қорғаушысы Мартин Сладки ойынның 21-ші минутында есеп ашты. Чех шабуылшысы Вацлав Пиларж 50-ші минутта есепті еселеді.
Бас төреші ойынның 36-шы минутында алматылық клубтың ойыншысы Гафуржан Сүйімбаевқа қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Ал 68-ші минутта қарсылас команданың қорғаушысы Михаил Вепршекті алаңнан қуды.
Бір аптадан соң, яғни 16 тамызда «Қайрат» пен «Сигма» Алматыда кездеседі. Осы кездесулердің жеңімпазы турнирдің топтық кезеңге өту үшін «Севилья» (Испания) — «Жальгирис» (Литва) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бірінші айналымда «Қайрат» андоралық «Энгордани» клубын ірі есеппен (10:1 (3:0, 7:1) ойсырата жеңген еді. Екінші ойында 3:2 (2:0, 1:2) есебімен голландиялық «АЗ Алкмар» клубын жарыстан шығарған еді.
https://youtu.be/VqGpSmckGfk