jasqazaq.kz

Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы ұзартылды

08 шiлде 2022, 15:03

Сот шешімімен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», — делінген Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Forbes.kz жазуынша, Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді.

2021 жылдың қарашасындағы рейтинг бойынша ол бұл тізімде 14-орында тұр. Бизнес басылымы Қайрат Боранбаевты девелопер, құрылыс саласының кәсіпкері, активтерді басқару компаниясына иелік етуші деп сипаттайды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр