jasqazaq.kz

Қайрат Әбдрахманов: Қазақстан азаматының құқығын қорғауға міндеттіміз

07 тамыз 2018, 15:04


Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов шекараны заңсыз кесіп өткен этникалық қазақ келіншек Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты пікір білдірді.

 Tengrinews.kz жазғандай,  Астананың БАҚ өкілдері СІМ басшылығынан Қытай халқы сот үкімімен келіспеген жағдайда қазақ дипломаттары қандай шешім қабылдайтынын сұраған болатын. «Мемлекетаралық келісім бар. Ол келісімде өзара құқықтық көмек жайлы айтылған. Келісім шеңберінде барлық сұрақ өз шешімін табады. Ең бастысы, біз бұндай мәселеге келген кезде өз тарапымыздан ашық екенімізді көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, әрбір Қазақстан азаматының құқығын қорғауға міндеттіміз. Басқа елдердің азаматына келер болсам, олардың тағдыры белгіленген арна шеңберінде шешілетін болады. Оған қоса, құқық қорғау органдары арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету де кіреді», — деп жауап берді Қайрат Әбдрахманов БАҚ өкілдеріне. 1 тамызда Жаркентте Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бостандығынан айырылды. Оған пробациялық бақылау орнатылды. Айыпталушы сот залында босатылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде