jasqazaq.kz

Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді

25 желтоқсан 2017, 10:26

“Хитмен ақын” атанып кеткен Қайнар Алагөзов Төреғали Төреәлінің сахнадағы әрекетін жақтап, халықтан оған кешіріммен қарауды өтінді. Жұртқа деген базынасын Алагөзов жыр жолдары арқылы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Алагөзовтің айтуынша, бұл өмірде ешкім де күнәсіз емес. Ал қатесін түсініп, кешірім сұраған адамды табалау – ағаттық. Сондықтан да ол жолдасы Төреғалиге кешірім беруді өтінді.

“Армысың, Ұлы Қазақ, ұлым деген,
Ешқашан осалдығы білінбеген.
Күніне мың бір бəле көрсе-дағы,
Алладан күдер үзіп, түңілмеген.

Қателесіп кешірім сұрағанды,
Меніңше, дұрыс емес жұлып жеген.
Төрешті табалайтын адамдардың,
Ішінде кім бар екен сүрінбеген?!

Қайсың бар қарауылға ілінбеген,
Ұяттан өліп, қайта тірілмеген.
Расында, бұл қоғамда кім бар екен,
Сəбидей əппақ ары бүлінбеген.

50-ді ердің жасы деген қазақ,
25 – ойнақтаған құлын деген.
Төрешке кешіріммен қараңыздар,
Жүрегі тынышталсын дірілдеген.

Жасымнан жан жолдасым, інім деп ем,
Көп онда ақыл-өнер, білім деген.
Күншілдер даттаса да, боқтаса да,
Қасында қалам оның түбінде МЕН!” – дейді Қайнар Алагөзов.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде сахна төрінде тұрып қарияға ұрысып, залдан қуған еді.

Мұнан кейін Ұлы дала баласын өнердегі әріптестері Меруерт Түсіпбаева, “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов пен әншінің жерлестері сынап, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ал әнші Бүркіт Төреғалиге қолдау білдіріп, араша түскен еді.

Артынан мәскеленің ушығып бара жатқанын аңдаған Төреғалидің өзі халықтан кешірім сұрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде