jasqazaq.kz

Қай тағамда қант, май, тұз жоқ?

13 сәуiр 2023, 16:51

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған салауатты өмір салтын насихаттайтын Жол картасын әзірлепті. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 27 сәуірге дейін талқылауға шығарылды.
Жол картасында семіздікпен күрес және халықтың дұрыс тамақтануына айрықша көңіл бөлініпті. Бұл бағытта денсаулық сақтау министрлігі «Жарнама туралы» заңға құрамында қант, май, тұзы көп өнімдердің жарнамасын шектеу туралы өзгеріс ұсынып отыр.
Әрине, министрліктің қадамы құптарлық. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны секілді, мұндай шектеуге «қант, май, тұзы» көп тағам өндірушілер, сондай-ақ жарнама саласындағылар қарсы шығатыны сөзсіз. Өйткені кез келген дүкеннің сөресінде кәмпит пен күлшенің түр-түрі, тұз бен майға бөккен чипсы деген самсап тұр. Көк жәшікке күнұзақ телміретіндерден «телеарнада ненің жарнамасы көп» деп сұраса, құрамында қант, тұз және майы көп тағамдарды тізіп беретініне күмән жоқ.
Отандық өндірістің де едәуір бөлігі дәл осы «қант, май, тұз» қосылған өнімдер шығарумен айналысады. Оларға тіпті жарнаманың да қажеті жоқ.
Елімізде арақ-шарап пен темекінің жарнамасына тыйым салынғалы қашан. Бірақ олардың саудасы тоқырапты дегенді естімеппіз.
Сондықтан денсаулық сақтау министрлігіне салауатты өмір салтын ұстанудың басқа жолдарын қарастырған дұрыс шығар?

Наргүл Мырзахмет

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі