jasqazaq.kz

Қай өңірде жемқор полицей көп?

07 желтоқсан 2022, 12:02

Осы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысында ішкі істер органдарының 123 қызметкері жемқорлық ісімен ұсталған. Бұл былтырғыдан 12,1 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Finprom.kz порталының дерегінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған ішкі істер органдары қызметкерлерінің жартысына жуығы пара алу кезінде ұсталды: 61 қызметкер, былтырғыдан 7 пайызға көп.

Тағы 33,3 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтықпен қолға түсті: 41 адам, бір жылда бірден 24,2 пайызға көбейген.

8 адам қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 7 адам пара беру кезінде, 2 адам билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, пара алуға делдалдық жасағаны, сондай-ақ қызметте әрекетсіздігі үшін ұсталды.

Өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің — ішкі істер органдары қызметкерлерінің басым бөлігі Алматыда (бір жыл бұрынғыдай 15 адам) және Түркістан облысында (15 адам, бір жыл бұрын 6 адам болған) тіркелді.

Одан кейін Солтүстік Қазақстан (14 адам), Ақтөбе (11 адам) және Қарағанды (10 адам) облыстары тұр.

Ішкі істер органдарындағы жемқорлар еліміздің 20 өңірінің 17-сінде бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде