jasqazaq.kz

Қай өңірде маскүнемдер көп?

14 маусым 2018, 12:17

Еліміз аумағында жасалатын барлық қылмыстың 14 пайызына ішімдік себепкер. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмыстың орын алуының басты себептерінің бірі — маскүнемдік, есірткіге әуестік, отбасылық-тұрмыстық қолайсыз ахуал, тұрақты табыстың болмауы. Қазіргі уақытта учаскелік инспекторлардың алдын алу бақылауында 67 мыңнан астам маскүнем, 10 мың қолайсыз отбасы бар. Оларда 15 мыңнан астам бала тұрады. Қолайсыз отбасылардағы жиі жанжалдардың салдарынан кісі өлтіру және тұрмыстық ауыр қылмыстар арта түседі. Жыл бойы елімізде күн сайын маскүнемдіктің, әсіресе, отбасыдағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан 2-3 ауыр қылмыс тіркеледі», — деді министр. Оның айтуынша, еліміздің аумағында жасалатын барлық қылмыстың 14 пайызына ішімдік себепкер. Маскүнемдік салдарынан жасалатын қылмыстар бірқатар өңірде жоғары болып отыр. Атап айтқанда, маскүнемдік салдарынан жасалатын қылмыстар Ақтөбе облысында — 28, Қостанай болысында — 25,5, Павлодар облысында — 22, Маңғыстау облысында — 20 және Ақтөбе облысында 19,5 пайызды құрайды. «Біз бақылауды күшейтіп, учаскелік инвесторларымыздың жұмысын жетілдіріп жатқанымыз сөзсіз. Макүнемдікпен күресте әкімдіктермен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың жұмыстарын жандандыру бойынша шаралар қабылдаймыз», — деді Қасымов. Министрдің айтуынша, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу жүйесінің тиімсіздігі күрделі проблеманың біріне айналып отыр. Себебі, біріншіден елімізде небәрі 22 наркологиялық ұйымда 2470 маскүнемді емдеуге ғана орын бар. «Өткен жылы мәжбүрлеп емдеуге 5200 маскүнем жіберілді. Алайда олардың 700-ден астамы орынның жетіспеушілігінен емдеуден өткен жоқ. Екіншіден, маскүнемдерді аталған мекемелерге жіберу процедурасының өзінде де формалды кедергілер жетіп артылады. Бұл проблеманы әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп шешу қажет», — деді ол.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді