jasqazaq.kz

Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?

16 сәуiр 2021, 14:47

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, мешіт жұмысы өңірлердің қызыл, сары, жасыл аймақтарда болуына тікелей байланысты. «Қазіргі уақытта пандемияға байланысты мемлекетімізде қызыл, сары, жасыл аймақтар бар. Қызыл аймақтарда жамағатпен намаз оқу тоқтатылған. Алла қаласа, өңіріміз Қадір түніне дейін жасыл аймаққа өтсе, әрине жамағатпен намаз оқуға мүмкіндік аламыз. Ал сары аймақтағы мешіттерде – бес уақыт жамағатпен намазға рұқсат берілген, тарауық намаздары қысқа оқылып жатыр, жұма намаздары оқылып жатқан жоқ. Ал жасыл аймақтарда – толық жұма намазы, тарауық намаздары оқылып жатыр», — деп жауап берді Бас мүфти Нұр-Сұлтан қаласының №1 ауруханасында өткен қайырымдылық шарасында.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия