jasqazaq.kz

Қабір басындағы тастарды қиратып кеткен

30 мамыр 2018, 15:02

Қостанай облысында 11 сынып оқушылары зират басындағы тастарды қиратып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінде мәлім етілгендей, Ашутасты ауылында зират басына келіп, тастар мен ағаш крестерді қиратқандарға қатысты ҚР ҚК-нің 314-бабының 2-бөлігіне («Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. «Жедел іздестіру шаралары барысында қабір тастарын қиратып кеткен Арқалық қаласындағы орта мектептің 11 жасар екі оқушысы екені анықталды. Олар кінәларын мойындады», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Айта кетейік, зираттағы қирап жатқан тастарды көрген ауыл адамдары тәртіп сақшыларына хабар берген. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесінен соң келтірілген шығын мөлшері толығымен өтелетін болады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді