jasqazaq.kz

Қабатовтың қызына ҰБТ-да жоғары балл алып бермек болған репетиторға қатысты сот үкімі шықты

23 қараша 2021, 11:54

Биылғы ҰБТ-да тест тапсыру залына Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына бөтен біреуді кіргізіп, жалған құжат жасаған репетиторға қатысты сот үкімі шықты. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Центр образования 140+1» ЖК басшысы Қанай Нұрбек Жұмаханұлына құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша айып тағылды. Бұл туралы қалалық соттың ресми сайтында жарияланды.

«Қылмыстық қудалау органы Қанай Н. құжаттарды қолдан жасады деп айыпталды. 2021 жылғы 12 тамызда мектеп оқушыларының ҰБТ бойынша жоғары балл алуы және білім беру орталығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында арнайы техниканы пайдалана отырып, 4 мектеп түлегінің жеке куәліктеріндегі фотосуреттерін орталықтағы ҰБТ-ға дайындайтын мамандардың фотосуреттерімен алмастырды», — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, құжаттарды жасау үшін пайдаланылған техникамен, қолдан жасалған құжаттармен, жеке куәліктердегі фотосуреттерді ауыстыру туралы сот-техникалық сараптама қорытындыларымен және сотталушының мойындау айғақтарымен дәлелденді.

Өз кезегінде прокурор Нұрбек Қанайға оның мінез-құлқына пробациялық бақылау белгілеп, бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігі (жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша 2 000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сот сотталушының жасаған әрекеті үшін өкінетінін ескеріп, жағдайды ушықтыратын себеп болмағандықтан қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдетті.

«Сот Нұрбек Қанайға оның мінез-құлқына пробациялық бақылау белгілеп, бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр