jasqazaq.kz

Қабанбайдан қалған жол

14 наурыз 2019, 16:44
Фото: ҰҚК архивінен

Фото: ҰҚК архивінен

Қабанбай батыр жоңғарлардың қолына түскен сарбаздарын қайтадан әскер қатарына алмайтын болыпты. Оларға қой бақтырып, әскерлердің шаруашылық жұмысына пайдаланады екен. Мұны естіген ақсақалдардың бірі батырдан «Тұтқында болған сарбазды қайтадан қан майданға шығармау – азаматтарыңды қорлау емес пе, батыр?»,– деп сұрапты. Сонда Ерасыл батыр «Жоңғардың қолында өлмей, тұтқынында болған сарбаз – мен үшін Отанын сатқанмен бірдей. Атасы басқа қалмақтың астауын босатып, жан сауғалаған батыр жорыққа шығып жарытпайды. Ондай әскер қан майданда бізді де сатып кетеді. Одан да қой бақсын», – депті.

Мұны неге айтып отырмыз?

Әлқисса! Әңгімені басынан бастайық. Өткен аптада Тараз қаласында бөгенайы бөлек сот өтті. №2 қалалық соттың шешіміне сәйкес Тараз қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясының бұрынғы басшысы А.Зейдалиев пен осы бөлімнің аға инспекторы Б.Наурызбаев және Өрлеубек Сыламбек есімді азаматқа қатысты үкім шықты. Осыған байланысты Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрадық. Судья басында сұхбат беретін болған, кейін бас тартты. Бірақ Jas qazaq газетіне дайындап берген баспасөз баянында сотталған үш азаматтың өте ауыр қылмыспен айналысқаны айтылған.
Әлгі аталған азаматтар Қытайдан заңсыз көші-қон ұйымдастырып, Қытай азаматтарына Қазақстан азаматтығын алып беріп отырған. Әрине, тегін емес, қып-қызыл ақшамен саудаласыпты.

Фото: ҰҚК архивінен

Фото: ҰҚК архивінен

Ұйымдасқан қылмыстық істің оқиға желісі де қызық! Сыламбек деген азамат Зейдалиев пен Наурызбаевқа Қытайдан келген өзге ұлт азаматтарын тауып беріп отырады. Ал бұлар әлгі 163 Қытай азаматтарының ұлтын қазақ деп жазып, заңды белден басқан. Заңға қайшы келмейтіндей етіп, еліміздің төлқұжатын да жасап берген. 163 азаматтың 67-ұйғыр ұлтының өкілдері болып шыққан. Бұрынғы ақпараттарда Ө.Сыламбектің Қытайдан оралған қазақ екені айтылған болатын. Демек, Сыламбек «клиент» тауып беретін делдал қызметін атқарған. Ал Зейдалиев пен Наурызбаев ҚХР азаматтарына заңсыз «көк паспорт» таратқан.

Елді елең еткізген оқиғаға осы аптада нүкте қойылды. Қазақстан азаматтығын саудаға салғандарға қатысты қатаң жаза қолданылды. А.Зейдалиев бірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл 6 ай 4 күнге бас бостандығынан айырылды. Тіпті полиция полковнигі атағынанда қағылды. Осы қылмыстары үшін бұрынғы полиция полковнигі өмірбойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Ал оның сыбайласы Б.Наурызбаев 3 жылға сотталды. Ол да полиция майоры атағынан айырылды. Мемлекеттік қызмет көзден бал-бұл ұшты. Адам тауып берумен айналысқан Ө.Сыламбек те бірнеше бап бойынша айыпты деп танылған. Ол да 3 жылға түрмеге тоғытылды. Отанына опасыздық жасағандарға тағылған айыптың 3-4 жылмен шектелуінде де сыр бар. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған рақымшылық негізінде қылмыскерлердің жазасы жеңілдепті.

Фото: ҰҚК архивінен

Фото: ҰҚК архивінен

Қазақ «Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер» — дейді. Қазақстан азаматтығын саудаға салғандардың ісін ешкім ақтап алмасы анық. Дегенмен, бұл арада тағы бір нәрсе бұлыңғыр болып тұрған секілді. Яғни Қазақстан азаматтығын алған ұйғыр ұлтының 163 азаматы туралы ешнәрсе айтылмай отыр. Сонда оларға құжат жасап бергендер айыпталып, шекара асып келгендер аман қала ма?

Қабанбай батырдың тұтқынға түскен сарбаздарды әскер қатарына алмауын енді түсінген шығарсыздар. Таразда Қазақстан азаматтығын көк қағазға айырбастап, «көк паспортты» саудаға салғандар да бұдан былай мемлекеттік қызметке тағайындалмайды.

Жарас Кемелжан

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты