jasqazaq.kz

Қ.Тоқаев: Терроризмнің шекарасы жоқ

21 сәуiр 2019, 17:23

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы теракт кезінде қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы ҚР Президенті өз Твиттерінде жазды.

«Шри-Ланкада ауыр қайғылы жағдай. Елдегі шіркеу мен қонақүйлердегі жарылыстан кейін 160-тан астам адам қаза тауып, көп адам жарақат алды. Терроризмнің шекарасы жоқ. Әлемдік қауымдастық террорға қарсы бірігіп күресу керек», — деп жазды мемлекет басшысы.
Шри-Ланкада шіркеулер мен отельдерде жарылыс салдарынан 160-тан астам адам қаза тауып, 300 адам жарақат алды.
Қаза тапқандар саны 160 адамнан асқаны жайлы News First жергілікті басылымы хабарлады. Шри-Ланкада бір емес, бірнеше жарылыс болған.
Мәліметке сай, Коломбода 40 адам, Катувапитье мен Катанеде 93 адам, ал Баттикалоада 27 адам көз жұмған. Жарылыстар республикадағы отельдер мен католик шіркеулерінде болған. Ол кезде жергілікті тұрғындар Пасха мерекесін атап жүрген болатын.

Республиканың Экономикалық реформалар министрі Харша де Силваның ақпараты бойынша, жарылыстардан қаза тапқандар арасында шетелдіктер бар. Министр қай мемлекеттің азаматтары зардап шеккенін нақтыламады.

Бұған қоса, жарылыстар салдарынан кем дегенде 295 адам жарақат алған.

Соңғы мәліметке сай, Пасха мерекесі кезінде Шри-Ланканың үш шіркеуі мен үш отелінде алты жарылыс болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде