jasqazaq.kz

Қ.Тоқаев: Мәулен Әшімбаевтың бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ

04 мамыр 2020, 16:11

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын. Бүгін Парламент Сенатының отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты.

Отырыс барысында ҚР Президенті бүгінгі кезде елімізде жүзеге асып жатқан маңызды реформалар туралы айта келе, онда Парламенттің, әсіресе, Сенаттың рөлі де, құзыреті де ерекше екеніне тоқталды.

«Сенаттың ең басты міндеті – сапалы заңдарды қабылдау. Мұндай заңдар реформаларға жол ашады, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Сенат депутаттары заң жобаларын талқылау кезінде немесе басқа форматтағы басқосулар барысында қоғамымыздағы ең өзекті, елді алаңдататын мәселелер жөнінде өткір ойлар, сыни пікірлер айтуға құқылы. Бұл мәселе бойынша дау жоқ. Бұл ретте, сіздердің жұмыстарыңыз өте жауапты екенін жақсы білемін. Өздеріңізге мәлім, менің Жарлығыммен Сенат депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Ол Сенат төрағасы ретінде бір жылдан астам белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Сол үшін Дариға Нұрсұлтанқызына ризашылығымды білдірдім», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес Парламент Сенатының төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол мемлекет қызметінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді жұмыс атқарды. Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы Сенат отырысында сөйлеген сөзінде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде